ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Камал Ормантаев - еліміздегі балалар хирургиясының негізін қалап, 40 жылдан астам ғұмырын осы салаға арнаған жан.
Мыңдаған бүлдіршіндердің өміріне араша түсіп, дертіне шипа іздеген ғалымның «Ауру балаларға деген жан жылуы жоқ дәрігер нағыз маман бола алмайды» деген сөзі шәкірттерінің де ұстанымына айналған.
Педиатрия факультетінің ашылуына үлкен үлес қосып, көштің басшысы болған, осы мәселе төңірегіндегі 10 жылға созылған дау-дамайдың шешілуіне түрткі болған ғалым «Айтуға оңайда» қонақта.
Бағдарлама «Ұрпақ денсаулығы - ұлт болашағы» тақырыбына арналды.