Ирандық кәсіпкерлер Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирандық кәсіпкерлер Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытпақ

05.04.2016
Ирандық кәсіпкерлер Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытпақ

Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығы хабарлайды.

Орталық таратқан мәліметтерге қарағанда, Иран кәсіпкерлері Ақтөбе облысына өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысу мақсатында келген. Атап айтқанда, шетелдіктер көлемі 40 гектар болатын жылыжай құрылысын салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, олар 10 мың мүйізді ірі қара мен 100 мың бас қой өсіруге арналған мал фермасын салмақ.  

2015 жылдың қорытындысы бойынша, Ақтөбе облысы мен Иран арасындағы тауар айналымы кедендік статистика мәліметтері бойынша, 17,4 млн долларды құраған.  Бердібек Сапарбаевтың пікірінше, бұл Иран мен Ақтөбе облысының арасындағы экономикалық әлеуетке толық сәйкес келмейді.

«Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы дақылдары мен етті қоса алғанда агроөнеркәсіп секторын дамытуда үлкен әлеуетке ие. Өңірде сонымен қатар, 1 млн гектардан астам егін егуге жайлы және 30 мың гектардан астам суармалы жерлер бар. Бұл ретте 100 мың гектар жерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар екендігін айта кету керек. Ал, мал шаруашылығын дамытуға облыстағы кең ауқымды жайылымдар мен шабындықтар игі ықпал етеді. 

Кездесу қорытындысы бойынша, Ираннан келген инвесторлар Ақтөбе облысының басшылығына осы өңірде мал шаруашылығын дамытуға бағытталған іскерлік және ынтымақтастық туралы ұзақмерзімді келісімге қол қоюды ұсынды.

Хабарламаларға жазылу