Ресейде киокушинкай каратэден өткен чемпионатқа Қазақстан атынан қатысқан жалғыз спортшы жүлделі екінші орынды қанжығасына байлап қайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде киокушинкай каратэден өткен чемпионатқа Қазақстан атынан қатысқан жалғыз спортшы жүлделі екінші орынды қанжығасына байлап қайтты

05.04.2016
Ресейде киокушинкай каратэден өткен чемпионатқа Қазақстан атынан қатысқан жалғыз спортшы жүлделі екінші орынды қанжығасына байлап қайтты

Турнирге ерлер мен әйелдер қатысты. Жалпы саны - 80 адам. 

Сондай-ақ, бұл біріншілікке «Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкері Мұрат Ерғалиев қатысты. Ол - Қазақстан Республикасы атынан қатысқан жалғыз спортшы болды. Ардагерлер арасындағы 75 келі салмақта сынға түсіп, чемпионаттың күміс жүлдесін иеленіп, абыроймен елге оралды.

Айта кетейік, әріптесіміз Мұрат Ерғалиев бұған дейін Мәскеуде өткен киокушинкай каратэден халықаралық «Мәскеу Кубогы» турнирінен қола жүлдемен оралса, аталмыш турнирдің былтырғы жарысында күміс жүлде иеленген болатын.

Сонымен қатар, Мұрат Ерғалиев киокушинкай каратэден қара белбеу (1-дан) иегері.

Хабарламаларға жазылу