Астанада вокзалы аумағында ақылы тұрақтың пилоттық жобасы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада вокзалы аумағында ақылы тұрақтың пилоттық жобасы іске қосылды

05.04.2016
Астанада вокзалы аумағында ақылы тұрақтың пилоттық жобасы іске қосылды

Бүгін елордада вокзал аумағындағы алаңда «Астана қаласында тұрақ кеңістігін басқару» жобасы тест режимінде жұмыс істей бастады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Вокзал аумағында көлік қозғалысын ұйымдастыруды өзгертудің мақсаты - кез-келген көлік түріне жолаушыларды отырғызуға және түсіруге қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ, вокзал маңында көлік ағынын тәртіпке келтіру.

Мамандардың алдын ала бағалауы бойынша, жоба жолаушыларды заңсыз тасымалдау қызметін 70-80 пайызға азайтуға, көлік құралдарының айналымын 30-40 пайызға ұлғайтуға, вокзал маңы аумағында жол желісіне түсетін салмақты 20-30 пайызға азайтуға, сондай-ақ, тұрақ орындарының жүктемесін 40-50 пайыз төмендетуге ықпал етеді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда аталған аумақта көлік құралдарының қозғалысы мен уақытын есепке алатын автоматтандырылған жүйе (бейнетіркеу жүйесімен), сондай-ақ, номер белгілерін автоматты түрде тану жүйесі орнатылып, іске қосылды. Қазіргі кезде көлікті тұрақта 2 күннен артық уақытқа қалдыруға болмайды.

Тест режимінде қондырғының жұмысын тексеру және оның кемшіліктерін анықтау жүзеге асырылады. Осы кезеңде вокзал маңы аумағына кірген көліктерден төлем алынбайды. Вокзал маңындағы тұрақтың көлік сыйымдылығы 251 бірлікті құрайды.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі кезде осы учаскеде күн сайынғы жолаушылар айналымы 7 мың 500 адамды құрайды. Тәулігіне пойыздың 30 құрамы келеді. Сонымен қатар, қала маңына 18 маршрут қатынайды.

Хабарламаларға жазылу