Каспий банктың терминалын тонаған ұры ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий банктың терминалын тонаған ұры ұсталды

05.04.2016
Каспий банктың терминалын тонаған ұры ұсталды

Алматының Бостандық ауданында банк терминалынан қомақты ақшаны қолды қылған қылмыскер ұсталды, деп хабарлады almaty.tv/kz сайты. Тонаушының іс-әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол бірнеше секунд ішінде терминалдың тетігін ашып, ақша тұрған контейнерді алып қашады. Қолды болған қаржы сомасы белгісіз.

«Мәлім болғандай, бұл қылмысқа бел буған азамат 1991 жылы туған Алматы тұрғыны. Бұл қылмысты ол бірінші рет емес, бесінші рет істеуі мүмкін. Осы тәріздес 4 қылмысқа қатысы барлығы тексерілуде. Тергеу амалдары жалғасуда»,- деді Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Хабарламаларға жазылу