Нұрлан Абдуллин: Ән жүректен шықпаса, ол халыққа жетпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Абдуллин: Ән жүректен шықпаса, ол халыққа жетпейді

05.04.2016
 Нұрлан Абдуллин: Ән жүректен шықпаса, ол халыққа жетпейді

Танымал әнші Нұрлан Абдуллин бүгін «Таңшолпанға» сұхбат берді.

Былтырғы жылдың соңында Президенттің Жарлығымен «Парасат» орденін алған әнші бұл турасында «Елбасының мені осылайша марапаттауы – үлкен абырой, мақтаныш және үлкен жауапкершілік»,-дейді.

«Бұрындары қазақ сахнасында қазақтың қыз-жігіттері көп болса, деп армандайтын едік. Қазір, Құдайға шүкір, дарынды жастар баршылық. Енді бүгінде еліміз Кедендік одаққа мүше болғандықтан, біз бұл мәселеге кеңірек қарауымыз керек сияқты.

Сол себепті, мен қазір Ресей, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан және өзге елдердегі тыңдармандарыма арнап орыс тілінде ән жазудамын. Мұның бәрі қазақтың да қолынан келеді, деген оймен жасалып жатқан дүниелер.

Біз өзіміздің мәдениетімізді, әндерімізді сол елдерде де насихаттауымыз керек»,-дейді әнші.

«Қазіргі уақытта Ренат Гайсин, Сейфуллин Жолбарыс, Еркеш Шакеев, Ислам Рахымжанов сынды сазгерлермен жұмыс істеудемін. Негізі ән жүректен шықпаса, ол халыққа жетпейді. Халық бәрібір біліп қояды. Менде «қазір тойдың заманы, тойдың ғана әнін айту керекпін»,-деген әдет жоқ. Барым, болмысым осы».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу