«ALTEL» абоненттік желісінде интернет тарифінің бағасы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ALTEL» абоненттік желісінде интернет тарифінің бағасы өсті

05.04.2016
«ALTEL» абоненттік желісінде интернет тарифінің бағасы өсті

Олар 1 сәуірден бастап «ALTEL» жылдам интернет тарифінің бағасы өскеніне, сонымен қатар, осы өзгеріске сай интернет тарифінің де лимитсіз болмай, керісінше шектелгеніне наразы.

Атырау қаласы, Сәтбаев көшесінде орналасқан «ALTEL» желілік дүкеніне келген тұтынушылар тарифтің бұлай аяқ асты өзгеруіне не себеп екендігін білмей дал.

Бірі төленген ақшасының кері қайтарылуын талап етсе, енді бірі неліктен халыққа ашық хабарландыру бермегеніне  наразы. Ал, «ALTEL» желілік дүкенінің жетекші маманының айтуынша, тұтынушыларға хабар берілген.  

Хабарламаларға жазылу