Раушан Ермағамбетова: Түсірілім барысында бір үйдің баласындай болып кеттік

04.04.2016
 Раушан Ермағамбетова: Түсірілім барысында бір үйдің баласындай болып кеттік

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы эфирінен көрерменге жол тартқан «Аяулы арман» телехикаясы балалар үйі түлектерінің тағдырын баяндайды. Телехикаяның бас кейіпкерлері Аңсар, Еркін, Едіге және Көркем. Олар жастар үйіне орналасқаннан кейін өмірдің түрлі қиындығын - достық пен сатқындықты және алғашқы махаббат әлегін бастарынан өткереді.

«Түсірілім 4,5 ай жүрді. Осы уақыт аралығында бір-бірімізге қатты бауыр басып кеттік. Бір үйдің баласындай болып кеттік.  Фильмнің негізгі мақсаты – жалпы жетімдер болмаса екен  деген ниет»,-дейді актриса Раушан Ермағамбетова.

64 бөлімнен тұратын туындының қоюшы-режиссері – Рашид Сүлейменов. Ол теленовелла арқылы балалар үйі түлектерінің өмірін боямасыз көрсетуге тырысқан.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу