Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының салдарымен күрес жұмыстары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының салдарымен күрес жұмыстары жалғасуда

03.04.2016
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының салдарымен күрес жұмыстары жалғасуда

Төтенше жағдай қардың жедел еруі мен ағын сулардың далалық аймақтардан келуінің салдарынан орын алған.

«Смирнов ауылына Астана қаласының «Өртті сөндіру мен апаттан-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің жедел тобы келді. Өртке қарсы насос пен АР-2 сусорғыш көлігінің тәулік бойы жұмыс істеуінің арқасында 3 сәуір күнгі мәліметтер бойынша, 16 мың текше метр су сорылып алынды. Қазіргі таңда су деңгейі айтарлықтай төмендеп, тұрғын үйлерді су басу қаупі біршама сейілді»,-деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Ауылдардағы су тасқынының салдарымен күрес жұмыстарымен айналысып жатқан екінші топтың жағдайы өте қиын болған. Онда 15 құтқарушы белуардан суда тұрып, судың тұрғын үйлерді басуына жол бермеді.

Олар «Шалақын ауданына қарасты Сергеевка және Жаңажол ауылындағы тұрғын үйлерді су басуының алдын алу мен ескерту бойынша, кешенді шараларды жүзеге асырды.  Өте күрделі жағдайда мұздай суды кешіп жүріп оларға қалың қар басып қалған су жіберетін арнаның 30 метр жерін тазартудың мүмкіндігі туды. Осылайша, ауылды су басу қауіпі сейілді»,-делінген хабарламада. Қазіргі таңда құтқару жұмыстары жалғасуда.   

Хабарламаларға жазылу