![Түсті қалай есте сақтап қалуға болады?](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58789.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Адам ұйқыдан тұрғанда көрген түсінің жартысын ғана есіне түсіреді. 10 минуттан кейін көрген түсінің 90 пайызын ұмытады. Егер түсіңізді еске сақтап қалғыңыз келсе, 5 минут ішінде не көргеніңізді қағазға жазып алу керек.
Ең бірінші диалогты жазып алған жөн. Өйткені осы уақыт аралығында адам жадынан бірінші диалогты өшіреді. Одан кейін түсінде көрген жандардың түр-сипатын ұмытса, соңғы болып, оқиға орны мен іс-әрекеттер естен шығады.
Көбінесе түсті сергек ұйықтаған адамдар жадында сақтап қалады. Бір түстің циклі 1,5 сағатқа ғана созылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түсті қалай есте сақтап қалуға болады?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/108215/)