Манарбек Ержанов қазақтың ән мәдениетіндегі орны өзгеше, қазақтың асқақ әншісі бола білген өнер иесі. Ол Ақан сері, Біржан сал сынды халық композиторларының әншілік мектебін жалғастырушы тұлға.
Манарбек Ержановтың көп қырлы таланты оның әндерінен анық байқалады. Ол 150-ден аса ән мен күй шығарды. Халық арасында сазгердің «Жарыс», «Аманкелді туралы өлеңі», «Қойшы әні» және тағы басқа шығармалары кеңінен танымал.
Ержановтың шығармашылық мұрасының маңызды бөлігін оның домбыраға арналған күйлері құрайды. Олардың қатарында «Би күйі», «Аққу», «Жетісу» және т.б. бар.
Сазгер сондай-ақ, әртістік өнерімен де айрықшаланады. Оның әртістігі мен әншілігі «Қыз-Жібек» (Шеге), «Жалбыр» (Елемес), «Ер Тарғын» (Сахан) және т. б. опералардағы партияларды шеберлікпен орындауынан көрінеді.
Өнер иесінің өмірі мен шығармашылығы туралы толығырақ «Жарқын бейне» хабарынан көре аласыздар.
Хабардың толық нұсқасын мына жерден көре аласыз.