Электронды темекі бронхиолит ауруын тудырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электронды темекі бронхиолит ауруын тудырады

02.04.2016
Электронды темекі бронхиолит ауруын тудырады

Электронды темекінің денсаулыққа зиян екенін білесіз бе?

АҚШ зерттеушілері вайпинг (электронды темекі шегу) тығындалушы бронхиолит ауруын тудыратындығын айтты

Гарвард денсаулық сақтау мектебінің ғалымдары электронды темекіге арналған никотинді қоспалардың 51 түріне зерттеу жүргізген. Олар арнайы герметикалық камераларда темекі түтініне талдау жасаған. Нәтижесінде, тығындалушы бронхиолит ауруын тудыратын диацетил және т.б заттар никотинді сұйықтықтың 76 пайызын құраған. Ал, кейбір сұйықтықтың құрамынан формальдегид (түссіз газ) табылған.

Тығындалушы бронхиолит – қауіпті өкпе ауруы. Оны көпшілік «попкорнды өкпе ауруы» деп атайды. Миссуридегі попкорнге арналған хош иісті май шығаратын зауыттың қызметкерлеріне қатысты оқиғаға байланысты осылай аталып кеткен. Демікпе және құрғақ жөтел арқылы байқалады.

Айта кетейік, бүгінде электронды темекіге арналған 7 мыңнан астам сұйықтық түрі бар. Олардың кейбірінің жапсырма қағазында ингредиенті толық көрсетілмеген. 

Хабарламаларға жазылу