2015 жылы көмірсутек шикізатын өндіретін компанияларда шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге мораторий жариялануы себепті жоспарлы тексеріс жүргізілмеді. Алайда, 5 кен орнын пайдаланушыға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, кен орындарын пайдалану туралы заңнама талаптары бойынша 10 заң бұзушылық анықталды. Негізінен, заң бұзушылықтар мұнай мен газ өндіру бойынша жобалық шешімдерді өндіру және бұрғымалардың жобалық қорын, кен орындарын игеру бойынша операциялар жүргізуді орындамауға байланысты болып отыр, деп хабарлайды «Ақтөбе Ақпарат» ақпарат орталығы.
«Мәселен, «Сағыз Петролеум» Компани ЖШС Ащыкөл Южный және Тасқұдық кен орындарына, «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясы филиалының Ақжар кен орнына, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Кеңқияқ надсолевой» кен орындарына жүргізілген тексеру қорытындысына сәйкес, жобалық шешімдерді орындамау жайттары анықталды. Жалпы алғанда, тексеру қорытындыларына сәйкес, 910 мың теңгеден астам қаржы көлемінде айыппұл салынып, өндірілді», - деді Ерен Жекеев.
Қазіргі таңда Ақтөбе облысында көмірсутек шикізатын барлау және өндіру жұмыстарымен 29 компания айналысады. Инспекцияның мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылы аймақта 5889,6 млн.текше метр газ бен 6930,9 мың тонна мұнай өндірілді, бұл 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда сәйкесінше 23 пайызға және 10 пайызға пайызға артық.
2015 жылы кен орындарын игеруге салынған инвестиция көлемі 128 106,0 млн. теңгені құрады. Қазақстандық мамандарды оқытуға 2246,86 млн.тг жұмсалды, әлеуметтік саланы дамытуға 1226,1 млн. теңге қарастырылған.