Қытайда бокстан өтіп жатқан Азия және Мұхит аймағы бойынша Олимпиада ойындарының лицензиялық турнирінің үшінші орын үшін өткен бәсекесінде 52 келідегі Олжас Сәттібаев қырғыз боксшы Азат Үсенәлиевті ұтып, Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.
Сондай-ақ, бүгін 56 келідегі Қайрат Ералиевте үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетіп, Рио Олимпиадасына лицензия ұтып алған еді.
Айта кетейік, кеше 64 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Жәнібек Әлімханұлы, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов, +91 келіде Иван Дычко және қыздар арасынан 75 келідегі Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасына жолдама алды.