1 сәуірде елордадағы «Конгресс-Холл» сарайында күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Нұр аға» атты концерт өтеді.
Осыған орай, Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік филармониясының әншісі Перизат Тұрарова ертең «Таңшолпанға» сұхбат береді.
Сонымен қатар, таңғы бағдарлама студиясына қонаққа «Әзіл әлемі» әзіл-сықақ театрының директоры Руслан Нұрланұлы, әнші Ерден Жақсыбеков келеді.
Ал, Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Этьенмен еліміздің алты қаласын қамтитын «Франкофония фестивалі» туралы әңгіме өрбімек. Сондай-ақ, Франция мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстар сөз болады.
Бұдан бөлек, «Таңшолпанның» ертеңгі шығарылымынан Ішкі әскердің бір күндік қызметі мен ең әдемі метро бекеттер бестігі туралы сюжеттерді тамашалай аласыздар.
Ұлттық арнамен бірге ояныңыз!