«Жарасымды жұп» байқауының кезекті қатысушылары – қарағандылық Ерболат Қазкенов пен Салтанат Дүйсенбекова.
Кеншілер шаһары болып танылған Қарағандыны бүгінде көпшілік жастар қаласы деп те атайды. Дәл осы мекенде танысып, отау құрған Ерболат пен Салтанаттың жолдаған махаббат баяндарынан олардың қалай танысып, табысқандарын көруге болады.
Ерболат үшін бүгінде жан жары атанып отырған арудың жүрегін жаулау оңайға соқпаған сыңайлы. Бірақ, соңы әдемі махаббатқа ұласты.
Қос ғашық бүгінде сәби күтіп, ата-ана атануға дайындалып жүр.