Рио Олимпиадасына лицензия беретін Қытайда бокстан өтіп жатқан турнирді «Kazsport» тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рио Олимпиадасына лицензия беретін Қытайда бокстан өтіп жатқан турнирді «Kazsport» тікелей эфирде көрсетеді

30.03.2016
Рио Олимпиадасына лицензия беретін Қытайда бокстан өтіп жатқан турнирді «Kazsport» тікелей эфирде көрсетеді

Ертеңнен бастап «Kazsport» телеарнасы турнирдің жартылай финалы мен финалдық бәсекесін тікелей эфирде көрсетеді.

Турнирге Ұлттық құрама сапынан 52 келіде Олжас Сәттібаев, 56 келіде Қайрат Ерәлиев, 64 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Жәнібек Әлімханұлы, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов және +91 келіде Иван Дычко қатысып жатыр.

Кеше турнирдің ширек финалдық бәсекелері өтті. Қазақстандық боксшылардың барлғы қарсыластарын жеңіп, жартылай финалға шықты. Ал, қыздар құрамасынан жартылай финалға 75 келідегі Дариға Шәкімова ғана шықты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасында 49 келіде Біржан Жақып, 60 келіде Берік Әбдірахманов, 69 келі салмақта құрама капитаны Данияр Елеусінов пен 91 келідегі Василий Левит Рио Олимпиадасының жолдамасын иеленген.

Тікелей эфир кестесі:

31 наурыз:

12:00. Ерлер (49, 56, 64, 75 кг); Қыздар (51, 60, 75кг). Жартылай финал

16:00. Ерлер (52, 60, 69, 81, 91, +91 кг). Жартылай финал

1 сәуір:

12:00. Ерлер (49, 56, 75 кг). Финал

16:00. Ерлер (52, 69, 81 кг). Финал

2 сәуір:

11:00. Ерлер (91 кг); Қыздар (51, 60, 75 кг). Финал

16:00. Ерлер (60, 64, +91 кг). Финал. 

Хабарламаларға жазылу