Маңғыстау облысында Әбіш Кекілбаевтың мұрасын сақтау жөніндегі арнайы комиссия құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында Әбіш Кекілбаевтың мұрасын сақтау жөніндегі арнайы комиссия құрылады

29.03.2016
Маңғыстау облысында Әбіш Кекілбаевтың мұрасын сақтау жөніндегі арнайы комиссия құрылады

Осыған қарай облыстық мәдениет басқармасы комиссия мүшелерін анықтап, іс-қимыл жоспарын жасауды көздеп отыр.

«Әбіш аға тек қана біздің аймаққа емес сондай-ақ, барлық елге танымал  тұлға. Оның аты бүкіл әлемге белгілі. Бүгінгі біздің мақсатымыз – болашақ ұрпаққа оның ұлағатты мұрасын сақтап, жеткізу. Сол себепті, комиссия құру және шараларды жоспарлау кезінде міндетті түрде Маңғыстау облысы тұрғындарының ой-пікірлері ескерілетін болады», - деді Алик Айдарбаев.

Ұзақ мерзімді жоспарды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаражат та бөлінбек, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу