Волейболдан өскемендік «Алтай» клубы Қазақстан чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Волейболдан өскемендік «Алтай» клубы Қазақстан чемпионы атанды

29.03.2016
Волейболдан өскемендік «Алтай» клубы Қазақстан чемпионы атанды

Ұлттық лиганың әйелдер командасы арасындағы волейбол бойынша Қазақстан чемпионаты финалының екінші матчында Өскеменнің «Алтай» командасы талдықорғандық «Жетісу» командасын жеңіп, ҚР чемпионы атанды.

Енді «Алтай» клубы Филиппинде 2016 жылы 3-13 қыркүйекте өтетін Азия чемпионатында Қазақстан атынан жарысқа қатысатын болады.

«Алтайдың» үш ойыншысы ҚР Волейбол федерациясының арнайы жүлдесін алды. Ирина Лукомская - үздік байланыстырушы, Ольга Бирюкова - үздік шабуылдаушы,   риддерлік  волейбол тәрбиеленушісі Инна Матвеева - ең бағалы ойыншы атанды.

Бұдан бұрын ШҚО-дан «Алтай» ерлер волейбол клубы Қазақстан чемпионы болған.

Хабарламаларға жазылу