Шалқар ауданында темір рудаларын өңдейтін тау-кен металлургиялық кешен құрылысы басталады. Кішіқұм ауылдық округінде жүзеге асырылатын жоба Мемлекеттік индустриялдық инновациялық даму бағдарламасына еніп отыр.
«AktobeSteelProduction» ЖШС геологиялық барлау жұмыстарына кірісіп кетті.
«Жобаны жүзеге асыру мерзімі 4 жыл. 2015 жылы жалпы құны 350 млн теңге болатын геологиялық барлау және кен пайдалану жұмыстарын бастап кетті. Технологиялық процеске 150 млн теңге бөлінеді. Жобаның жалпы құны 30 млрд теңге», - деп атап өтті Ербол Данағұлов.
Кәсіпорын жылына 8 млн тонна концентрат өндіреді. Темір рудаларын өңдеу жөніндегі кешен құрылысы барысында 353 жұмыс орны, қолданысқа берілген соң мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.