Сочи қаласында өткен V Халықаралық «Черноморский Олимп» фестивалі аяқталды. Байқаудан Атыраудағы №30 «Жұмбақ» балабақшасының «Дарынды бөбектер» ансамблі жүлдемен оралды.
Шарада бүлдіршіндер өнерлерімен қатар, өз елдерінің ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрлерін көрсетті. Фестивальда ел намысын 14 бүлдіршін қорғады.
«Біздің ұжым ұлттық салт-дәстүрді сақтау аталымы бойынша бас жүлдені иеленді», дейді балабақша директоры Қамқа Айтжанова.
Байқауға үміткерлер біздің елімізден бөлек, Татарстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен барған.