Бұл туралы Қарағанды облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап egemen.kz хабарлады.
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық №1 соты Қылмыстық кодекстің 405-бабы, 1-тармағы бойынша айыпталған үш тұрғынға қатысты үкім шығарды.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сотталушылар Қазақстанда 2003 жылдан бері «Таблиғи жамағат» діни экстремистік ұйымының іс-әрекетіне заңмен тыйым салынғанын біле тұра, оның идеяарын облыс көлемінде белсенді түрде насихаттап келген.
Қазыбек би аудандының №1 соты аталған ұйымның жергілікті топ басшысын екі жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Ал оның екі серігі екі жылға сотталды.