Орыс халқының қандай тағамын дайындай аласыз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орыс халқының қандай тағамын дайындай аласыз?

26.03.2016
Орыс халқының қандай тағамын дайындай аласыз?

Нан – орыс асханасында қашанда маңызды орынға ие.  Олардың расстеган, кулебяки, ватрушки, капустника, кесек нан, куличтер, баранки, кептірілген нан, тоқаш, крендель, қалаш, пряник, пышка, кітірлек сияқты ұннан жасалған тағамдары өте көп.

Орыстың ыстық сорпаларының ішінде ең әйгілілері щи және борщ. Негізінен борщ украиналықтардың ұлттық тағамы саналғанымен, оны орыс ағайындар да ерекше дайындайды.

Саңырауқұлақ  - орыс асханасының ажырамас бөлігі. Жидектерден жасалған тосап сізді қыстың суық кештерінде орманның иісімен қуантады және бүлдіргеннен жасалған тосап тұмаудан қорғайды.

Сіздің дастарханыңызда орыс халқының қанлдай тағамы бар? Бүгін 12:30-да «Ас болсында» кәсіпқой аспаз бен әуесқой аспаз орыс тағамдары бойынша өзара шеберліктерін сынамақ.

Хабарламаларға жазылу