Талқылау барысында депутаттар ұсынылған кандидатты қолдап дауыс беру барысында бірауыздан мақұлдады.
Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов - 1948 жылы Гурьев облысы (қазіргі Атырау облысы), Теңіз ауданында туған. Уфа мұнай институтын бітірген. Техника ғылымдарының докторы.
1971-1991 жылдары «Ембі мұнай» бірлестігінің Прорва бұрғылау конторында, «Қазмұнайгазбарлау» басқармасында, Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу мұнай институтында, шетелдік іссапарда Кеңес мұнай барлау экспедициясында жұмыс істеді.
1991-1992 жылдары Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің бөлім бастығы лауазымын атқарды.
1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің Мұнай және газ басқармасының бастығы болып істеді.
1993 және 2003 жылдар аралығында - «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорнының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ үлестерді бақылау жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ БК үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директоры лауазымдарын атқарды.
2003 жылдың желтоқсанынан 2006 жыл аралығында - Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі.
2007-2012 жылдар аралығында - Батыс Қазақстан облысының әкімі.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты болды,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.
Биылғы сайлауда алтыншы шақырылым депутаты болар алдында Атырау облысының әкімі қызметін атқарған еді.