Мексикадағы 10 метр тереңдікте орналасқан суасты мұражайына жылына 750 мың турист арнайы келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикадағы 10 метр тереңдікте орналасқан суасты мұражайына жылына 750 мың турист арнайы келеді

25.03.2016
Мексикадағы 10 метр тереңдікте орналасқан суасты мұражайына жылына 750 мың турист арнайы келеді

Мексиканың Канкун қаласында ерекше суасты мұражайы бар. Мұндағы экспонаттар мүсінші Джейсон де Кэйрс Тейлордың туындылары.

Теңіз астындағы мүсіндерге күннің сәулесі түскенде таңғажайып ертегі әлеміне келгендей әсерде боласыз.

Суасты мұражайындағы әрбір экспонаттың тарихы бар. 10 метр тереңдікте жатқан мүсіндер суға төзімді материалдан жасалған.

Барлық мүсіндердің жалпы салмағы 180 тонна. Жылына 750 мыңға жуық турист келіп, суға түсіп, бұл сұлулықты тамашалап кетеді.

Хабарламаларға жазылу