Хрусталь ыдыстың жасалу жолдары (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хрусталь ыдыстың жасалу жолдары (ВИДЕО)

25.03.2016
Хрусталь ыдыстың жасалу жолдары (ВИДЕО)

Көздің жауын алатын хрусталь ыдыстың қалай жасалатыны кімге де болса қызықты.

Ол үшін ең алдымен шеберлер кварцты алған. Өте ұсақ құмды пайдаланады. Оған никель металы, азотталған калий қышқылы, жылтыратқыш және қалдық шынылар қосады.

Ыстық пешке 18 сағатқа қойып, металл мен құмның балқу процесі жүреді. 18 сағат өткен соң, оттан белгілі бір мөлшерін түтікшемен алып, темір үстелге айналдырып, дөңгелек қалып жасайды.

Содан кейін түтікшені үріп, шыныны шар тәрізді қалыпқа келтіреді. Пешке екінші қайтара салып алғаннан кейін өнімді ағаш бұйыммен тегістейді. Екінші жақтан түтікшемен үрлеу арқылы көлемін өзгертеді.

Жартылай дайын өнімді қалыпқа салып айналдырады. Содан кейін бір минуттай суытып алып, тағы да балқытылған шыныны жабыстырады.

Асқан шыдамдылықты қажет ететін жұмыс туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу