Ақтөбеде Оңтүстік Қазақстанның көрме-жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде Оңтүстік Қазақстанның көрме-жәрмеңкесі өтеді

24.03.2016
Ақтөбеде Оңтүстік Қазақстанның көрме-жәрмеңкесі өтеді

Ақтөбе облысының бастамасымен қолға алынған шарадағы көрмеге Оңтүстік Қазақстан облысының жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі, құрылыс заттарын шығаратын 30-дан аса кәсіпорын өкілдері жәрмеңкеде кілем мен кілем өнімдері, мақта, сіңіргіш мақта, жиһаз, трансформатор, сорғылар мен дәрілік заттар, медициналық құрылғылар мен құрылыс заттары, азық-түлік өнімдері, сусын өндіру сияқты өнімдерін қалың көпшілікке ұсынбақ.  

Айта кету керек, наурыз айының 26-27 күндері Ақтөбе қаласында өтетін шара отандық өнімдерді қолдап, өңіраралық тауар айналымын жақсарту мен нарықтағы тауарларды көбейту мақсатында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, көрме-жәрмеңкеде оңтүстік өңірінің диқандары 175 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін (жалпы құны – 83 555 000) саудалайтын болады. Атап айтқанда, жәрмеңкеде аймақ шаруалары 32 тонна ет өнімдері, 5 тонна қымыран, 76 тонна көкөніс, 19 тонна жеміс, 14 тонна картоп, 9 тонна сүт өнімдері, 30 мың дана жұмыртқа мен 20 тонна басқа да өнімдерді нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан сататын болады.  

 

Хабарламаларға жазылу