Бүгін - Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні

24.03.2016
Бүгін - Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні

Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен неміс микробиологы Роберт Кохтың туберкулез таяқшаларын ашқан күннің (1882) құрметіне орай аталып өтеді.

2 жыл бұрын (2014) Қазақстанда қазақтілді блогерлердің арасында алғаш рет «Блогиада» байқауы өткізілді.

10 жыл бұрын (2006) Алматыда MediaNet Халықаралық журналистика орталығы «Қазақстандағы тәжірибелік журналистика» деп аталатын жаңа кітаптың тұсаукесерін өткізді. Оқулыққа телевизия, газет, журнал және ақпарат агенттіктерінің журналистері мен редакторларынан 18 автордың еңбегі топтастырылған.

16 жыл бұрын (2000) Қызылорда облысының Жаңа Қазалы қаласына Әйтеке би есімі берілді.

68 жыл бұрын (1948) Қазақ зоология ғылыми-зерттеу институтының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Әлихан МЕЛДЕБЕКОВ дүниеге келді.

73 жыл бұрын (1943) ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы І.Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері, Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Рафаэль НИЯЗБЕКОВ дүниеге келді.

85 жыл бұрын (1931) түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Түрік тілі» ұйымының құрметті мүшесі Кеңесбай МҰСАЕВ дүниеге келді.

98 жыл бұрын (1918-1977) медицина ғылымдарының докторы, профессор, соғыс ардагері Халида МАМАНОВА дүниеге келді.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу