Кристофер Трикетт 8 жылдан бері Алматыда тұрып жатыр. Қазір ол қазақ тілінде еркін сөйлейді, домбыраның да құлағындай ойнайды. Қазақтың қара домбырасы ағылшын азаматын баурап алыпты. Басында қағысынан аздап қиналса да, 4-5 жылдың ішінде тәп-тәуір шертетін болды. Ол әсіресе, Құрманғазы күйлерін жақсы шертеді.
«Мен «Адай» күйін шерте аламын. Бірақ, ол жылдам тартылатын болғандықтан, аздап қиындау. «Балбырауын», «Көңілашар» күйлерін де тарта аламын, тек ойнау деңгейім төмен, содан ұяламын. 30-дай күй шерте білемін, оның ішінде жақсы тарта алатыным 15-тей»,-дейді ол.
Кристофер Қазақстанға жұмыс бабымен келген. Бір жылдан кейін бұл елді тастап кете алмайтынын түсінді. Қазіргі жұмысы да өзіне ұнайды. Ағылшын тілін үйрету арқылы күн сайын жергілікті тұрғындармен араласады. Шәкірттерімен таза қазақша сөйлеседі.
«Алматы – әлемдегі ең сүйікті қалам, ал қазақтың ауылдарына ешқандай жер жетпейді»,-дейді Кристофер.
Толығырақ – «Таңшолпанда».