«Таңшолпан» «Жарасымды жұп» байқауын жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» «Жарасымды жұп» байқауын жариялайды

23.03.2016
«Таңшолпан» «Жарасымды жұп» байқауын жариялайды

«Бірге аралап, бірге теріп, бақ гүлін,

Қос жүректің тең бөлісіп шаттығын.

Бір аттадық босағасын бақыттың,

Құлатпайық махаббаттың ақ туын...»,-осылай деп сенімін сертке балаған жарасымды жұпқа «Таңшолпан» зор мүмкіндік ашып отыр.  

Өмірлік мақсатын бір арнаға тоғыстырып, махаббат айдынында қос аққудай жарасқан жастарды таңғы бағдарлама байқауға қатысуға шақырады.

«Жарасымды жұп» байқауы 28 наурыз бен 15 сәуір аралығында өтеді. Ғашықтар күніне орай ұйымдастырылып отырған байқауға Сіздер де қатысыңыз!

Толық ақпарат:

Тел.: 8702 386 34 87

E-mail: tankaz.kz@mail.ru

Хабарламаларға жазылу