Дауыс беру күні Ұлттық арнаның 150-ден астам тілшісі 7,5 сағат бойы 19 рет тікелей эфирге шығып, хабар таратты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дауыс беру күні Ұлттық арнаның 150-ден астам тілшісі 7,5 сағат бойы 19 рет тікелей эфирге шығып, хабар таратты

21.03.2016
Дауыс беру күні Ұлттық арнаның 150-ден астам тілшісі 7,5 сағат бойы 19 рет тікелей эфирге шығып, хабар таратты

Ширек ғасырдан астам уақыт бойы елді биіктерге жетелеген «Нұр Отан» партиясы қалың көпшіліктің ықыласына бөленіп, тағы да сайлаушылардың басым даусына ие болды. Бұл әрине, «Нұр Отан» партиясының ғана емес, іргелі істердің ұйтқысы болып жүрген партияның игі шараларының нәтижелі болуына үлес қосып жүрген барша қауымның жеңісі.

«Қазақстан» Ұлттық арнасы ел тәуелсіздігін алған алғашқы күндерден бастап осы күнге дейін «Нұр Отан» партиясының сенімді серіктерінің бір болып келеді. Партияның еліміз бен оның аймақтарында атқарып жатқан ауқымды істері арнаның назарынан бір сәт те тыс қалған емес. Соның нәтижесінде партияның елде жүргізіп отырған саясатынан, атқарып жатқан шараларынан Қазақстанның әрбір азаматы хабардар. Осы игі істерге үлес қосып келе жатқан Ұлттық арна мемлекет болашағы үшін маңызды болып табылатын Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауын да халық арасында лайықты насихатталуына өзіндік үлес қосты.   

Ұлттық арна қызметкерлері сайлау тағайындалған күннен бастап, аталмыш хабарды халық арасында кеңінен насихаттады. Ал, дауыс беру күні Ұлттық арна эфирінен 7,5 сағатқа созылған 19 эфир өтіп,  үгіт-насихат шараларына арнаның 150-ден астам тілшілері мен мамандары жұмылдырылды.

Ұлттық арнаның өңірлердегі тілшілік қосындарынан түгелдей дерлік тікелей эфирлер берілді. Өңірлерден бөлек Ресей, Мажарстан, Түркия мемлекеттері мен сонау Лондонда болып жатқан дауыс беру шараларын көзіқарақты көрермен тікелей экран арқылы көріп білді.

Ұлттық арнаның веб-сайты арқылы бір күнде 200-ден астам үгіт-насихат түріндегі ақпараттар мен оқиға орнынан репортаждар  жарияланып, дауыс беру басталғанан бері осы уақытқа дейін жаңалықтар легі бір сәтте толастаған жоқ. Ал, нәтижесі белгілі. Биыл сайлаушылар Парламент сайлауының тарихында алғаш рет рекордтық деңгейде белсенділік танытты.

Бұл «Қазақстан» Ұлттық арнасы сияқты ұжымдардағы қалам ұстаған қауымның жанкешті еңбектерінің нәтижесі екені белгілі. Бұны бүгін Жеңімпаздар форумында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та ерекше атап өтті.

Хабарламаларға жазылу