Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бұл туралы саяси шараны қадағалауға келген ТМД елдері байқаушылары миссиясының өкілі Петр Федоров мәлімдеді. Оның пікірінше, сайлау учаскелерінде халықтың қарасы көп болғанымен, олар үшін ешқандай кедергі болмады.