Бұл туралы Испанияның Гранада университеті ғалымдары мәлімдеді.
Ғалымдардың айтуынша, денсаулыққа зиянды көк нұр сәулесі қараңғы бөлмеге гаджеттерді қуаттағанда көбірек шығады. Сондай-ақ, сәуле адамның көңіл-күйіне де қатты әсер етеді екен.
Сонымен қатар, дәрігерлер ұйқы кезіндегі мелатонин гармондар бөлме қараңғы болғанда жақсы жұмыс істейтін айтады. Жатын және демалыс бөлмеде гаджеттерді қуаттау түнгі ұйқы мен түс көрудің бұзылуына себепкер болмақ. Сол себепті адамның зат алмасуын бәсеңдемеуі және артық салмақ қоспауы үшін барлық бөлмеде телефон және басқа да құрылғыларды қуаттамаған дұрыс.