Кішкентай рюкзактары бар көгершіндер Лондон ауасының тазалығын тексерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кішкентай рюкзактары бар көгершіндер Лондон ауасының тазалығын тексерді

19.03.2016
Кішкентай рюкзактары бар көгершіндер Лондон ауасының тазалығын тексерді

Ұлыбритания астанасында бір топ эколог Лондон ауасының тазалығын көгершіндер көмегімен тексеруге кірісті. Олар құстардың арқасына арнайы құрылғылар бар сөмке орнатқан.

Көгершіндер атқарған жұмыстың нәтижесін және құстар атынан айтылған қалжыңдарды Twitter әлеуметтік желісіндегі #PigeonAir хэштэгі арқылы танысуға болады.

Мысалы твиттердегі бір жазбалардың бірінде көгершіндер былай «дейді»: «Сәлем, Лондон! Сендердің ауаларың өте лас дейді. Сондықтан біз, көгершіндер, оны зерттеумен айналысамыз».

Құстарға орнатылған сөмкелерде азот диоксидін және озон концентрациясын анықтайтын құрылғылар бар. Әзірге нәтижелер Лондон ауасының ластануы «қалыпты» мен «аса қатты» шамасында екенін көрсеткен.

Экологтар мұндай зерттеулер әрі қарай жалғасатынын айтады. Енді жоспар бойынша, қала тұрғындары арасынан еріктілер таңдалып, оларға да ауаның ластануын тексеретін арнайы сөмкелер киіп жүреді. Осылайша қаладағы экологиялық жағдайы туралы мәлімет жиналады. 

Хабарламаларға жазылу