Әлемдегі ең бақытты ел – Дания - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең бақытты ел – Дания

17.03.2016
Әлемдегі ең бақытты ел – Дания

Әлемдегі ең бақытты ел - Дания. Біріккен Ұлттар Ұйымы жылдағы дәстүр бойынша бақытты елдер индексін жариялады.

Көп жылдан бері бірінші орынды бермей келген Швейцария екінші сатыға түсіп қалды. Үшінші орынды – Исландия иеленді.

Тізімдегі 157 мемлекеттің ішінде Қазақстан  54-орында тұр. Ресей одан екі саты төмен.

Ал, жер шарының ең бақытсыз мемлекеттері қатарына Того, Сирия, Бурунди кірген.

Айта кетейік, бұл индекс жалпы ішкі өнімді жан басына шағу, мемлекеттің әлеуметтік қолдауы, бизнестегі ашықтық, сапалы медицина өлшемдері бойынша анықталған. 

Хабарламаларға жазылу