«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қазақ тілін қолдау орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қазақ тілін қолдау орталығы ашылды

16.03.2016
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қазақ тілін қолдау орталығы ашылды

Палата өкілдерінің сөздерінше, қалың көпшілік тарапынан бизнес іс-шаралардың неліктен өзге тілде немесе орыс тілінде өтетінін, бизнеспен байланысты материалдардың да көп жағдайда тек ресми тілде ғана болатынын айтып шағымданушылар көп. 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Жантас Жақыповтың айтуынша, бүгінгі таңда қазақ тіліне қатысты проблема бизнесте де бар және оған бизнес өкілдерін кіналауға болмайды. Жалпы бизнестегі қазақ тіліне қатысты мәселемен де табанды түрде айналысу керек.

«Осы ретте сіздердің орталықты ашу туралы бастамаларыңыз өте орынды. Бізде қазір экономикаға қатысты қажетті сөздіктер де бар. Алайда, олардың барлығы бізге етене емес бөтен болып көрінеді. Сондықтан, оны қолға алу керек. Қазақша сөйлеу керек. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының осындай шараны ұйымдастыруының өз жетістік»,-деді профессор.

Оның пікірінше, Ұлттық палата іс-қағаздарын қазақшаға бұрып, соған күш салатын болса, өзгелер де қазақшаға мойын бұра бастайды.

Хабарламаларға жазылу