Арман Әбенов «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арман Әбенов «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры қызметіне тағайындалды

15.03.2016
Арман Әбенов «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры қызметіне тағайындалды

Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі елшілігінің бірінші хатшысы лауазымын атқарды, Онда Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі және ЕО-мен әріптестікті және ынтымақтастықты кеңейту бойынша келісімдер жасасу жөніндегі мәселелермен айналысты, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Арман Әбенов 1980 жылы Алматы қаласында туды. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық Экономист» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

2005 жылы «Іскерлік Әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша Waynesburg University, Pennsylvania, USA «MBA» бітірді.

Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстанның банк секторында бастады. 2006 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің бас маманы лауазымына мемлекеттік қызметке орналасты.

Әр жылдары Инвестициялық саясат басқармасының бастығы, Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

«Қазақстан Республикасы тәуелісіздігіне 20 жыл» медалімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғыс хатымен марапатталған.

Үйленген, үш баласы бар.

Хабарламаларға жазылу