Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және маслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау кезеңіндегі заңдылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Бас прокурор сұхбаттасушыны электоралдық процестің заңдылығын қамтамасыз ету бойынша прокурорлар қабылдаған ұйымдастырушылық шаралар, түскен шағымдардың сипаты және оларды шешу нәтижелері туралы ақпараттандырды.
А.Дауылбаев жалпы сайлау науқанының заң аясында өтіп жатқанын және прокурорлардың сайлау туралы заңнаманы бұзу әрекеттерін анықтамағандығын атап өтті.
Е.Слобода ТМД байқаушылар миссиясы жұмысының функциясы мен мақсаттары туралы баяндады. Қазақстандағы Парламент Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауды дайындау мен өткізуге қатысты әсерімен бөлісті.
Тараптар мемлекеттік органдардың, оның ішінде прокуратура органдарының сайлаудың айқындығын қамтамасыз ету бойынша күш-жігерін атап көрсетті.
А.Дауылбаев Бас прокуратураның электоралды кезеңде заңдылықты қамтамасыз етумен байланысты барлық мәселелер бойынша халықаралық байқаушылармен сындарлы сұхбатқа дайын екенін атап өтті.