Астананың жұмыссыз жүрген тұрғындарына психологиялық консультация беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың жұмыссыз жүрген тұрғындарына психологиялық консультация беріледі

15.03.2016
Астананың жұмыссыз жүрген тұрғындарына психологиялық консультация беріледі

«Қасиет» психология орталығының жетекшісі Айқын Дүйсембаев өткізетін тренинг үш күнге жалғасады.

Шараның мақсаты – жұмыссыз жүрген азаматтарға психологиялық көмек көрсету және одан әрі жұмысқа орналасуға қол ұшын созу, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда Жұмыспен қамту орталығында психологиялық тренингтің бір курсы өткізілді. Оған 12 адам қатысты. Тыңдаушыларға белсенді жұмыс іздеу, жұмысқа орналасу, сондай-ақ, өзін-өзі бағалауды арттыру мен жұмыс берушімен әңгімелесу кезінде өзін сенімді ұстану мәселелері бойынша кеңестер берілді.

Курс соңында қатысушылар тренингке оң бағаларын беріп, көбі жұмысқа деген қатынастарын өзгертті. Үш күндік тренингке Бейбітшілік к-сі, 25 мекенжайы бойынша Жұмыспен қамту орталығында жазылуға болады.
 

Хабарламаларға жазылу