Бір өзі алып тау секілді. Төбесінде шынтақтай жататын Мұнар ата бейнесі әлі жадымыздан өшкен жоқ. Осындай эпизодтың өзін асқан шеберлікпен сомдаған Қанабек Байсейітов қазақ киносының алыбы еді.
Мұнар ата рөлін сомдауға алғашында актер Кененбай Қожабеков шақырылады. Алайда, Кененбай бұл рөлден бас тартып, кейіпкер бейнесін кескіндеу Қанабек Байсейітовке табысталады.
Ал, оның кинемотографиядағы жолы 1938 жылы экранға шыққан қазақтың тұңғыш көркем фильмі «Амангелдіден» басталды. Актер сомдаған Жапар бейнесі фильмдегі бас кейіпкерлер мен эпизодтық рөлдер арасын байланыстырып тұрды. Оған Елубай Өмірзақовтан бастап, қазақ өнерінің корифейлері түскен еді.
Қанабек Байсейітов «Амангелдіден» кейін 1955 жылы жарық көрген «Шабандоз қыз» комедиясына қатысты. Мұндағы Жұрқа рөлі адам бойындағы қарама-қайшылық қасиеттермен көрермен жүрегінде жатталып қалды.
Ал, 1956 жылы «Ботагөз» фильмінде Итбай болысты мүлдем басқа қырынан көрсете білді.
Толығырақ – «Таңшолпанда».