Жандос Бәделұлы: Кітаптарымыздың басым бөлігі Қазақ хандығы тарихына арналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жандос Бәделұлы: Кітаптарымыздың басым бөлігі Қазақ хандығы тарихына арналды

15.03.2016
Жандос Бәделұлы: Кітаптарымыздың басым бөлігі Қазақ хандығы тарихына арналды

Халықаралық түркі академиясы кітапхана және музей орталығының басшысы Жандос Бәделұлы  бүгін «Таңшолпанда» қонақта.  Халықаралық түркі академиясы бір жылда жарық көрген  40-тан астам кітаптың таныстыру рәсімін өткізді. Студия қонағы осы жаңалыққа тоқталды.

«Барлық кітапты алып келу мүмкін болмады. Сондықтан, ең негізгі деген қызықты кітаптарды алып келдік. Оның ішінде «Манас энциклопедиясы» деген ең алып кітап та бар. Көлемі 88 баспа табақтан асады. Мың жарым бет. Бұл – инемен құдық қазғандай еңбектің нәтижесі.

Кітаптарымыздың басым бөлігі қазақ тарихына, Қазақ хандығына арналды. Біздің кітаптардың ерекшелігі – әлемнің әр тілінде шығарамыз. Осылайша, қазақ тарихын шетелге насихаттауды мақсат етіп келеміз. Мысалы, әзірбайжан тілінде жарық көрген «Қазақ хандығы» деген кітап. Бұл кітап сол елде басылып шықты»,-дейді Жандос Бәделұлы.

«Біз Ұлттық академиялық кітапханаға осы кітаптардың электрондық нұсқаларын да сыйға тарттық. Енді бұл кітаптарды біздің электрондық кітапханамыздан да, Ұлттық академиялық кітапхананың электрондық қорынан да әлемнің кез келген жерінде отырып, оқуға мүмкіндік бар».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу