Батутта секіру ережелерін білесіз бе? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батутта секіру ережелерін білесіз бе? (ВИДЕО)

15.03.2016
Батутта секіру ережелерін білесіз бе? (ВИДЕО)

Батут спорттық мектептер мен акробаттар дайындайтын орталықтарда бұрыннан бар. Бірақ, кейінгі кездері ол елімізде нағыз аттракционға айналды. Ойын алаңына кез келген адам келіп, батутта секіре алады.

Яғни, мұнда адамның жасы және физикалық дайындығы да аса маңызды емес. Тек батутта секірмес бұрын, алдымен аздаған дене жаттығуларын жасау керек. Себебі, ол батут үстінде аса ауыр жарақат алудан сақтайды.

Нұсқаушы Алима Маратова мұнда келгенде ең алдымен қауіпсіздік ережелерін сақтау керегін айтады. «Яғни, өзімен бірге үшкір заттар немесе сағат сияқты секіруге кедергі жасайтын заттармен келуге болмайды»,-дейді ол.

Тағы бір ескеретін жайт, батутта екі адам қатар тұрып секірмегені жөн.  Өйткені, тепе-теңдік жоғалатындықтан бір-бірін жарақаттауы мүмкін.

Толығырақ  «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу