Нұржан Жалауқызы: Көрісу күні құтты болсын! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұржан Жалауқызы: Көрісу күні құтты болсын!

14.03.2016
Нұржан Жалауқызы: Көрісу күні құтты болсын!

Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығында»  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «МузАРТ  LIVE» жобасының баспасөз мәслихаты кезінде «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Жалауқызы Ұлттық арна көрермендерін Көрісу  күнімен құттықтады.

«Барлықтарыңызды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Бірлік пен берекенің бастауы болатын, күн мен түннің теңесетін жарқын күні елімізге бейбіт өмір болып келсін. Бірлігіміз арта берсін!

Еліміз – байтақ, дәстүріміз де ерекше елміз. Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Ел мен ел,  туған мен туыс бір-бірін іздеп, қауышып, сыйлық ұсынатын қасиетті күн. Көрісу күні құтты болсын!»,-деді.

Хабарламаларға жазылу