«Наурыз - қазақ халқы үшін үлкен мереке. Себебі, көктем - жаңа өмірдің басы. Жапонияда да наурыздың орны дәл осындай.
Қазақстандағы Наурыз тойына ең алғаш Алматы қаласында куә болдым. Орталық алаңға барып мерекелік концерт көріп, Наурыз көже ішіп, ұлттық ойындарды тамашалап қайтқан едім. Бұл жылы мейрамды Астанада қарсы алмақпын.
Мені жақсы қарсы алған қазақ халқына алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта қазақ тілін бұдан да жоғары деңгейде үйренсем деймін.
Жаңа өмір Наурыздан басталады. Сіздерге бақыт, денсаулық, ақ жол тілеймін!».