«Жетісу барыстары» ұшқыштар тобының аспандағы айбаты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жетісу барыстары» ұшқыштар тобының аспандағы айбаты

13.03.2016
«Жетісу барыстары» ұшқыштар тобының аспандағы айбаты

«Жетісу барыстары» 1969 жылы Әзірбайжанда құрылып, бір жылдан соң Талдықорғанға дислокацияланған әскери бөлім еліміз бойынша ең үздік саналады.

Қазақстанның әуе кеңістігінің тыныштығын 40 жылдан астам уақыттан бері  604-ші әуе бригадасы қамтамасыз етіп келеді.  Әскери бөлім өзінің негізгі міндетімен қатар, Ауғанстан аумағында интернационалистік борышын да өтеді.

10 жылға созылған ұрыста әуе бригадасы еш шығынға ұшырамаған. Оның қызметкерлері жыл сайын жаңарып отырған қару-жарақты игеріп, ұшу техникаларының тілін меңгерген.

Халықаралық оқу-жаттығу жиындары мен түрлі әскери шерулерде еліміздің қорғаныс қабілетін абыроймен көрсетіп келеді.  Бүгін 09:00-де «Ақсауыт» «Жетісу барыстары» ұшқыштар тобы туралы айтады.

Хабарламаларға жазылу