Бұл туралы Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі хабарлайды.
Іс-шараның мақсаты - Амал мейрамын атап өту арқылы дәстүрлі рухани құндылықтарымызды кеңінен насихаттау, ата салтын ардақтай отырып, ұлт мәртебесін көтеру.
Мерекелік іс-шара аясында әз Наурыз мерекесінің атрибуты ретінде жасалған «Жолтерек» жобасының таныстырылымы өтеді.
Асық атудан, арқан тартудан жарыс ұйымдастырылады. Арнайы тігілген киіз үйде дастархан жайылып, қонақтар наурыз көжеден дәм тата алады.
Мерекелік іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысады.
Сонымен қатар, музей қызметкерлерінің өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынады. Шараның сағат 16.00-ге жоспарланған.