Қаллеки театры «Аққудың көз жасы...» атты лирикалық драманың премьерасын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаллеки театры «Аққудың көз жасы...» атты лирикалық драманың премьерасын ұсынады

09.03.2016
Қаллеки театры «Аққудың көз жасы...» атты лирикалық драманың премьерасын ұсынады

Қ. Қуанышбаев  атындағы  Мемлекеттік  академиялық қазақ музыкалық драма театры  наурыз айының 11-12-13 күндері, сағат 18.30-да «Аққудың көз жасы...» атты лирикалық драманың  премьерасын өткізеді. Қырғыз халқын күллі әлемге танытқан Шыңғыс Айтматовтың шығармалары классикалық прозаның үлгісі. Бүгінде жазушының шығармашылық мұрасына ыстық ықылас азаймақ емес. Соның бір үлгісі ретінде «Шыңғыс Айтматов» атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, айтулы режиссер, өнер иесі – Талғат Теменов суреткер жазушының қос туындысы негізінде сахналық драма тудырды.

«Аққудың көз жасы...»  лирикалық драмасы – адам жүрегіндегі ең асыл сезім – сүйіспеншіліктің құдіреті мен қасиеті туралы сыр шертеді. Алғашқы махаббат пен  аңызға айналар шынайы махаббаттың қара түнекті, зұлымдықты жеңетін керемет күшін әспеттейді. Сонысымен әр адамның жүрегіндегі қимас сәттерін жаңғыртып, өмір патшалығының алтын сарайын назарыңызға ұсынады.

Авторы әрі қойылым режиссері – Қазақстанның Халық әртісі, профессор Талғат Теменов. Сондай-ақ, аталмыш қойылымды 24-25 наурызда да сахнадан көре аласыздар. 

 

Хабарламаларға жазылу