18 наурызда әлемдік тур аясында елордада «Nikolya» шоколад музейі» танымал авторлық көрмесінің ашылуы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

18 наурызда әлемдік тур аясында елордада «Nikolya» шоколад музейі» танымал авторлық көрмесінің ашылуы өтеді

09.03.2016
18 наурызда әлемдік тур аясында елордада «Nikolya» шоколад музейі» танымал авторлық көрмесінің ашылуы өтеді

Қала тұрғындары мен қонақтары шоколад тарихымен және танымал шебер-шоколатье Николай Поповтың шоколадтан жасалған заттарымен танысып, өз қолдарымен шоколадтан түрлі бірегей заттар жасау мүмкіндігіне ие болады.

Әйгілі көрме әлемнің 40-тан астам қаласында болып, оны жарты миллионға жуық адам тамашалаған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астанада өте жоғары сападағы шоколадтан жасалған 300-ден астам өнер туындысы көпшілік назарына ұсынылады. Жалпы салмағы 700 келіден артық шоколад пен марципан мүсіндер, шоколад багеттермен жиектелген картиналар, шоколад миниатюралар, инсталляциялар, композициялар және т.б. бұйымдар болады.

Басты ерекшелік – Қазақстанға, соның ішінде Астанаға арналған шоколад заттардың арнайы сериясы жасалады. Көрмеде шебердің бірегей технологиясымен орындалған эксклюзивті шоколад кәдесыйлар сатып алуға болады. Сондай-ақ, келушілер шеберлік дәрістеріне қатысып, өз қолымен тәтті-дәмділер әзірлеуді үйренеді. Шоколад тарихы туралы қызықты фильм көрсетіледі. Көрме Тәуелсіздік сарайында өтеді.

Хабарламаларға жазылу