«Астана» клубының жартылай қорғаушысы Неманья Максимович наурыз айының аяғында Польша және Эстония командаларымен өтетін жолдастық кездесуге қатысу үшін Сербияның футболдан Ұлттық құрамасының бас бапкері Радован Чурчич шақырған ойыншылар тізіміне енді.
Қазақстандық «Астана» командасының ойыншысы өз елінің Ұлттық құрамасының құрамына үміткер ретінде бұған дейін де аты аталған. Енді, міне, ресми түрде шақырту алды.
Осылайша, еуропалық U-19 және әлемдік U-20 чемпионаттарының алтын жүлдесін ұтқан Н.Максимович футболдан Сербия Ұлттық құрамасының ойыншысы атанады.