«Сексенге келгеніме бір жағынан қуанамын. Себебі, менің достарымның көбі 80-ге жетпей, о дүниелік болып кетті. Бірге жүрген Фарида екеуміз түйдей құрдас едік. Шешем: «Сен берекелі айда тудың, сен өнердің баласысың»,-дейтін. Мені өнерге баулыған да анам еді. Бізде той көп, туған күнім бүгін болғанымен, үлкен тойды күзге қарай жасамақпыз»,-дейді халық әртісі.
Халық жүрегінен Теңгетай образымен орын алған актриса бұл турасында: «Қымызханаға» кастингпен келдік. Мен өтіп кеттім. Өзі ән айтатын, өзі сылқым жеңгейдің образын берді»,-деп еске алады.
Актрисаның «Қымызханадағы» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.